Желтоқсан жаңғырығы

Қазыналы қарашаңырақ
Елдің бəрін дүрліктірген қайта құру кезеңінің тарихта қалдырған өзіндік өрнектері аз емес. СОКП Орталық комитетінің соңғы бас хатшысы Михаил Горбачевтің желдей ескен сөзін, саналарға сіңісе қоймаған «демократия», «қайта құру» тəрізді тың ұғымдарды əркім түрліше қабылдаған. Шын мəнісінде барша совет халқының брежневтік тоқырау кезеңінен шаршап, тың өзгерістерді, соны бастамалары күткені тағы да рас болатын. Сырттай бəрі жақсы болып көрінгенімен экономиканың құлдырауы, əлеуметтік əділетсіздік нышандары сексеніші жылдардың басында-ақ, көзге ұрып тұрды.
Орталық Комитеттің 1985 жылғы сəуір Пленумы тосын пікір, соны ұмтылыс, келелі бастамасымен баршаның жүрегіне ұялады.
Ел ішіңде соңдайлық бір ынта, жігер туындады. Əр адам өзін қоғамның белсенді мүшесі ретіңде сезініп, төңірегіндегі əр оқиғаға бейтарап қарай алмайтын деңгейге көтерілді.
Одақтың əр тұсында бұрынғы басшылар жылжытылып, орнына жаңа адамдар келе бастады. Мəскеу Қазақстанның басшыларын өзгерту жолындағы алғашқы қадамды Қарағандыдан бастады. Жаңа кезеңнің өз дəстүрі қоса келеді. Жоғары орындар өздерінің алқалы бас қосуларын, ірі жиналыс, пленумдарын жұмыстан тыс уақытта сенбі, жексенбі күндері өткізуді де өмірге енгізе бастады. Жоғарыдағы көкелер жұмыс күнін ел игілігін молайту үшін жұмсап, ал былайғы істерін демалыс күндері орындауға көшті. 1986 жылдың қоңыр күзіңде 15 қараша, сенбі күні Қарағанды облыстық комитетінің пленумы өтіп, оңда облыстық партия комитетінің бірінші хатшылығына В.Локотунин деген азамат тағайындалды. Бұл есімді ол кезде қазақстаңдықтар біле қоймайтын. В.Локотунин 1980 жылдан 1986 жылғы сəуірге дейін Липецк облыстық комитетінің екінші хатшысы, Қарағандыға келерден бұрын, тек 6 айдай ғана, СОКП Орталық Комитетінің инспекторы болған. Жаңа басшыға қарағандылықтардың көзқарасы əрқилы болды. Біреулер Қазақстанға беймəлім, республиканың, соның ішінде облыстың тыныс-тіршілігімен танысы тағы жоқ адам қалайша бізді басқарады десе, келесілердің көкейінде барлық жерде басқару жүйесі, жұмыс істеу стилі бірдей емес пе, қайта тамырын тереңге жайған, жең асты жалғасудың тамырына балта шабуға септігін тигізеді деп үкілі үмітке малданып жүрді. Осылайша аңтаң жағдайда жүрген кезде, арада тура бір ай өткенде, 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы болып, онда ұйымдық, мəселе қаралды. Пленум Д.Қонаевты пенсияға шығуына байланысты республика Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары міндетінен босатты. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары болып бұған дейін Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші секретары болып істеген Г.Колбин сайланды.
Облыстардың жөні бір бөлек, республика компартиясының бірінші басшылығына халықтың арасында алдын-ала үгіт-түсінік жұмыстарын жүргізбей, бірден сырттан əкелінген көлденең көк атты тағайындалар деп бір де бір қазақстандық ойлаған емес еді. Г.Колбиннің жасырын жəне халықты қорлайтындай түрде тағайындалуы ел ішінде толқу тудырып, жүрек түбінде жатқан запыран, ашу мен ыза жастар қозғалысы болып желтоқсанда бұрқ етті.
Сол кездегі астана - Алматыда басталған жастар толқуының жаңғырығы республикамыздың бар аймағына, соның ішінде Қарағандыға да жетті. (Е.Лұқпанов «Желтоқсан жаңғырығы» Болашақ Баспа, 2001 ж.)
Бұл күнде сақталған сол 1986 жылдың 19 желтоқсанындағы Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің құпия анықтамасы төмендегі жайлардан мағлұмат береді. Алматыдағы жастар толқуы туралы хабардың елге тарамауын қаншалықты қадағалап, тиісті шараларды қолға алғанымен (Алматымен телефон, телеграф байланысы үзілді, жолдарға күзет қойылды, поездар барар жеріне жете алмай қаңтарылып тұрды, самолеттердің ұшуына тиым салынды, қалаға сырттан автокөліктің келуі мен шығуына кедергі қойылды) сымсыз телефон бұрын-соңды болмаған оқиғаның өріс алып, кар құрсанып, мұз жастанған өрім жастардың тоталитарлық билік пен үлтты кемсітушілікке қасқая қарсы шыққан жанкештілігі туралы хабарды жамиғатқа жария етіп жіберген. Осы себептен Алматыда жастар толқуы 17-18 желтоқсан күндері болса, Қарағандыда 19-20 желтоқсан күндері өтті. Қарағанды облыстық партия комитеті шұғыл түрде оперативті топтар құрып, жастар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізу шараларын қауырт қолға алды. Олар жоғары оқу орындарында, студент жəне жұмысшы жастар жатақханасында болды. Соған қарамастан жастардың топттасуына кедергі қоя алмады. Жоғары оқу орындары студенттері арасында байланыс орнап, жастар 19 желтоқсан күні сағат кешкі 20.00-де өздерінің Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің V пленумының шешімімен келіспейтіңдіктерін білдіру үшін қаланың Гагарин атындағы алаңыңда жиналатын болды.
Олардың арасында кейін билік орындары мың құбылтқандай нашақорлар да, маскүнемдер де
болған жоқ. Жастардың көкейіндегі: «Қазақстанға бірінші басшы неге сырттан əкелінеді, қазақ елін неге қазақ басқармайды» деген сауалға ешкім жауап бере алмады. Жауабын бермейін деген жоқ, жергілікті шенеуніктердің өзі де орталықтың сыңаржақ саясатын қалың елге қайтып түсіндірудің ретін білмей тосылды. Сол күні кешкілік алаңға жиналған жастарды ішкі істер органдарының қызметкерлері күш жұмсап таратуға мəжбүр болды. Жастардың көбі құтылғанымен бір тобы ішкі істер органдарына жеткізіліп, олардан түсінік алынды. Оларды «анығын айтып, кешірім сұрамасаңдар оқудан шығарамыз, комсомолдан қуамыз, жалпы жиналысқа саламыз, елдегі ата-аналарыңа хабарлаймыз» деп қорқытты. Бүгінде сол жастардың тиісті органдардың күштеп жаздырған түсініктемелерінің бəрі болмаса да біршамасы тиісті орындарда сақтаулы
19 желтоқсан күні кешкілік қуғын көрген жастар бастарын сауғалап, төнер қауіптен тосылып, бұғып қалмады. Ертеңінде 20 желтоқсан күні таңғы сағат 8-9-дан бастап кешегі алаңға жастар тағы да шоғырланды. Бұл сенбі күні болатын. Бұл уақытта Алматыдағы жастар толқуы күшпен басылып, ереуілшілерге қарсы тек милиция күші ғана емес, ішкі əскер, арнайы топтар да жүмылдырылған. Осы əсер етті ме жергілікті жердегілер бұл күні жастармен диалог жасауды қажет деп таппады. Қолға түскен қазақ жастарын топырлатып ұстап, машинаға тиеп, ішкі істер органдарына жеткізді. Олардан қатал түрде тергеу алынды.
Кейін осы оқиғаға қатысуына байланысты Қарағанды университетінен 12, политехникалық институттан 6, мединституттан 28, кооператив институтынан 3, сондай-ақ пединституттан да бірнеше студент оқудан шығарылды. Мəдени-ағарту училищесінен 9, есеп-кредит техникумынан 2 оқушы оқудан кетуге мəжбүр болды. Жоғары оқу орындарындағы қызмет атқарушы 59 адамға қатаң сөгіс берілді. Еңбек ұжымдарында желтоқсан оқиғасына қатысы бар дегендер жалпы жиналыстарға салынып, қатаң сынға алынды. Студенттер мен жұмысшы жастардың ата-аналары да жазасыз қалмады. Олар жас ұрпақты коммунистік рухта тəрбиелеуде кемшілік жібергендері үшін қатаң жазаланды. Партияда барлар қатаң сөгіс алды, тіпті кейбірінің қызметі төмендетілді. Бірнеше адамға сот болып, оның барысы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елге сабақ болу үшін баршаға жария етілді.
Бір сөзбен айтқанда, желтоқсан оқиғасына қатысы бар деп танылған еш адам жазасыз қалмады. Бірак, та бұл барша еліміз тəрізді Қарағанды жастарын да жасыта алмады. Олар ортақ мүдде, ел болашағы үшін күресте өздерінің барша əріптестерімен ниеттес екендігін өз істерімен, əрекеттерімен таныта білді.
Аман Жанғожин, Ермағамбет Лұқпан.

Powered by Drupal - Design by artinet