ҚомПартиясы шешім 16 желтоқсан: бүгін

1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В. Колбин қойылды.Қазақстанды басқару тағы да бұрынғы әдіс бойынша шешілген еді. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады.Желтоқсанның 17 ертеңгісін партияның ОК орналасқан алаңға жастар жиналды. Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты.Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серғін берді.

Қазақстаннан басқа мемлекеттердiң барлығы – экономикалық жағынан артта қалып қойса да, шекарасын қымтай алмаса да, ұлттық мемлекет құру жолында оқ бойы озып кеттi. 16 жылдық тарихында мемлекеттiк тiлдiң мерейiн қалай үстем ету қажеттiгi биiк мiнберден ендi ғана айтылған, оған орыс тiлi мен ағылшын тiлiн жамап, үш тiлдiлiкке бағыт бұрған Қазақстан ұлт мүддесiн қашан еске алар екен?
Мiне, тәуелсiздiк таңы алаулап атқанымен, оның жылуы ұлтқа шуағын шаша қоймай отыр. Тәуелсiздiктi баянды етудiң шарттары көп. Соның ең бастысы – ұлт мүддесi. Ұлттық мүдденi аяқасты етiп, өзгесiн аспандатсақ, көп ұзамай шаңға көмiлiп қаламыз. Сондықтан, тәуелсiз елдiң ертеңiн шуақты ету үшiн ұлттық мемлекеттiң концепциясын жасау жолына бет бұруымыз керек.
Бұл – ата-бабамыз арман еткен, Алаш арыстары осы жолда басын тiккен, кешегi қылышынан қан тамған тоталитаризм кезiнде жанын шүберекке түйген желтоқсандықтардың мұраты, мақсат-мүддесi. Сонда ғана бiздiң ел, бiздiң ұлт өмiршең болмақ. Лайым, Алла сол күнге жеткiзсiн!

Powered by Drupal - Design by artinet