Шахта өндіріс жоспарын

Шахта өндіріс жоспарын орындай алмай олқылықта қалады. Жоспар орындау – шахтерлерге мәртебе. Орындамау қорлық секілді. Соңдықтан бастығы Сейтқалы болып, өрт сөндіргендей не күшті тасқынмен күрескендей қауырт, өжет қимылдап жүр. Төбедегі көлденең ағаштардың екі басынан көлденең арқалық қойып, арқалық тіреулердің астына да төрт қырлап бөріне төсеп, төбені қолатпасқа қосымша лаждар жасаған. Енді жол төсегін тегістеп, құрғатып, рельстерді жаңалап жатыр (Ғ. Мұстафин).

7-жұмыс

Беті ашылмаған жаңа инженердін сөзі Мейрамға ұнап қалды. Енді еңбекті инженер қалтасындағы ақшадай есептеп тұр. Тәртіп, мәдениет орнату талабында. Жаңа инженер білім аумағын, іскерлік қабілетін әзір толық көрсетпесе, алға ұмтылған осы қасиеттерімен Мейрамның көңлін бұрып әкетті. Сейтқалыны ерте, шахта ішін үшеуі енді аралап жүріп, көмір дүниесін кең әңгімеледі. Ермек айта беретін «дайындық жұмыстары» дегеннің мәнісін Әшірбек тіпті тереңдетіп жіберді (Ғ. Мұстафин).

8- жұмыс

Кешегі ақсүйек, бүгінгі «жұмысшы» Әлібек көп жиылған Қарағандыға осылайша келіп, елеусіз жүрген. Ардақтын уыздай өңінде жастық шаттығы ойнап тұрса да, ауық-ауық баса беретін әкесінің осы қара көлеңкесі еді. Жасөспірім Ардақ өмірдің ашы-тұшысын ерте татты. Ана зары, ел лағнаты есінде, сонда да әкеден жүрегі суыған жоқ әлі. Бай беледі әке ерекше мұғалім жалдап, жалғыз қызын алты-жеті жасар күнінен оқытты. Ардақ мектептен бұрын да орысша-қазақша бірқыдыру оқып тастаған (Ғ. Мұстафин).

Лабораториялық жұмыстар

Синтетикалық тәсілмен жасалған туынды түбірлердітауып, оның құрамындағы негіз сөзді, жұрнақты ажыратыңыз, морфемаларға талдау жасап, олардың әрқайсысының туынды лексикалық мағынаға қосқан үлесін дәлелдеңіз.

1-жұмыс

Тұйық. Ауыр мінезеді адамның аузынан әлі мардымды ештеме шықпаса да, өңіндегі өзгерістер ішіндегі қуанышын сездіріп тұр.
Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып та болды. Маңайдағы колхоздардан көмір алуға келген колхозшылар да, өтіп жатқан аттылар да бұрылып, қонақтардың маңына келді (Ғ. Мұстафин).

2-жұмыс

Немерелі болғанымызша, жете тұрар ...- деп, Наргөз қалжындай жауап берді. Наргөздың ойындағы барлық арманы үй арманы болмайтын. Ол өзіне теңдес адамдармен айырылыспауды арман ететін. Баласы қысқы үйді болыстың орталығына алып кетпей, осы жұртпен бірге қала салдырғалы жүргеніне шексіз қуанышты еді. Баласынен екеуі оңаша отырғанда, ойнап болса да – «Маған» ит күрке «жасап берсең де, осылардан айырмасаң, болады», - дейтін. Қазір баласына «немере» дегені арқылы үйлеңу жайын ескертіп қалды (Ғ. Мүсірепов).

3-жұмыс

- Оған дейін құрылысшылар не біттіреді?
- Жаңа жұмысшыларды дайындайтын, ескі жұмысшылардың мамандығын көтеретін оқу қомбинаттары керек. Құрылысшылар алдымен көпшілік орындарын жасайды. Қазір амалсыздан осындай істеуге тура келеді. Келешкте жаңа құрылыс жұмысшыларға жақсы үй тұрмысын жасалдан басталу керек.
Жаңа екі басшы кішкене үйде отырып, алдағы ұлы істі осылайша талқылай берді. Бірінің-бірі өрісін де, іскерлік қабілетін де, мінезін де байқап отыр (Ғ. Мұстафин).

4-жұмыс

Балалар біресе өкпелесіп, біресе күлісіп қалып, отырған адамдарға бір талай ермек болды. Кенжеғара шешесі мен қарындасының бол қоғаммен тіріде айырылыса алмасын білді. Өз ішінде де қарсылық сезінген жоқ. Болашақ қуанышы айқындалған сайын шеше жүрегіне сия алар емес, керне барады. Қуаныш қызыу енді-енді лапылдай бергенде, құрылыс инженері Ремизов пен кіреші Ыбырай келді. Ыбырай асығыс құрылыс инженерін алып келіп отыр (Ғ. Мүсірепов).

5-жұмыс

Тоғыз қанат шанқай ақ үй. Түндігінің бұрышына дейін қызыл шұғадан ою бастырып, жалпақтығы жарты қарыс терме баулармен айқыш-ұйқыш шандыған.
Ауыл сыртында ұзын желі. Байлаулы құлындардың көптігі сонша, биелерді бір сауып шыққанда, екінші сауымы жетіп тұрады. Жалаң-аяқ балағын түрініп, алдына тері белдемше байлаған сауыншылар шелек-шелек сүтті қолдасып әкеле жатыр. Ортадағы селдір сақал, қатыңқы шал от басындағы кемпірдің байы. (Ғ. Мұстафин).

6-жұмыс.
Түскі астан кейін Кенжеғара балаларды серуенге алып шықты. Күн ашық аспан бұлтсыз, дүние кенейіп, көкжиек алыстап, көз жетпеске кеткендей екен. Парлап жегілген екі қанжирен семіз аттар Түменнің жеңіл қара шанасын ойнатып әкетіп барады. Аттар ауыздарын кереқарыс ашып, ауыздықпен алысып, жұлқынып келеді. Шеткі аттың сол жағына қарай бұрып алған басы анда-санда тізесін кеміріп бара жатқандай сезіледі. (Ғ. Мүсірепов).

7-жұмыс.
Аяғын шалыс басқан, қара кекілді, қара көзі жаудыраған екі-үш жасар қыз бала жылқышының қасына отырды. Біраздан кейін еті үйреніп жылқышаға таяна түсті. Біраздан кейін жылқышының мұртымен ойнай бастады. Жылқышы баланы құшақтап, «әкеңе» бар деп есікті көрсетті.
Денелі, мұрты қияқтай орыс жігіт иығында тілдей оқасын қисайтпай, мамық жастыққа шынтақтап, омырауында салбырған өрме баумен ойнап жатыр. Жерде жиналмалы дөңгелек сырлы столға қағаздарын жайып, тілмаш сырт-сырт жазып отыр. (Ғ. Мұстафин).

8-жұмыс.
Әкемізбен арамыз сыйласудан, қадірлеуден ары аса алмай тынғаны ғой енді. Әкеме қарыздармын дегенде мен оның байлығын бағып, байлығын өсіріп отырмақ емеспін, маған байлықтың керегі жоқ. Керегі жоқ дегенде оның артында қалған малын қырып тастап, үйін өртеп жібергім келмейді, әрине. Ендігі байлық бұл емес. Қазақ байлығының жұртында бір уыс күл қалады. Менің іздейтін байлығым малда емес, адамда болмақ. Әрине оның жолын да білемін дей алмас едім. (Ғ. Мүсірепов).

Powered by Drupal - Design by artinet