ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Текстегі сөзжасамдық жұрнақтарға жан-жақты талдау жасаңыз ( мағынасы, өнімді, өнімсіздігі, құрамы, морфтары, сөз табына қатысы, сөздегі орны).

1-жұмыс
Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр дегені. Онан басқа жүректің қаситтерін анықтап білмейді. Рақымдылық, мейірбандылық, әрбір түрлі адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі, асықтық та жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Біздің қазақтың «жүректісі» мақтауға сыймайды. ( Абай).

2-жұмыс
Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптің атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге оңай да болса, мойындамау ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры - әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз. (Абай).

3-жұмыс
Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білместігімнен қылдым дегеннің көбіне намбаймын. Білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір іліккен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады.(Абай)

4-жұмыс

Жастар ойнап – күліп, көңіл көтеру үшін де осы үйге келеді. Еңбекте, ойын – күлкіде, жалпы тіршілікте кездескен жаңа достары болсын, жеке бастарының қуанышы, қайғылары болсын, бәрі де осы үйге келіп аяқталады. Осы үйде басталып, аяқталуын да осы үйде күтетін жайлар да туып келеді. Жабайдың ауыр балғасы мен темір төсінің арасына түсіп, жаншылып, өнделіп шығатын жайлар да болады. (Ғ. Мүсірепов).

5-жұмыс

Бұлар осылай біресе сынаса, біресе қалжыңдаса отырып, Игіліктің үйіне жетіп қалды. Биік қақпа ашыла берді. Пәуеске бір биік үйдің баспалдағына таяй келіп тоқтады. Кең баспалдақпен көтерілеп кіретін ағаш үй, бәрі де еріксіз қошемет – құрмет көрсетуды тілеп тұр.
Қонақтарды Игіліктің әйелі Айғанша қарсы алды. Игілік хабарлап үлгірді ме екен, әлде бұл үй қашанда да осылай қонақ қабылдауға әзір отыра ма екен? (Ғ. Мүсірепов).

6-жұмыс

Ат екпіні бағанадан бері басқан қапырық, ыстықты, шытырман ойды серпіп тастап, жадырап кетті көңіл. Ауыздығымен алысқан жарау тобылғы торының тізгінін босатып-босатып та алды Мейрам. Зырлатып «Құлжұмыр-Сараң» тауының бұйрат шоқыларына көтерілген сайын лепірген көңіл терең сайына түскенде, қамалып та келе жатыр. Кең жазыққа шықты. Көлденеңі онша ебедейсіз болмағанмен, шығыстан батысқа созылған ұзын жазық ұшықсыз сияқты. (Ғ. Мұстафин).

7-жұмыс

Шабыны мол, тауы, жоны, жазығы түгел келген құйқалы жер – екі ру Сармантай, Мұраттың мекені болатын. Қазір бұл жердін бірсыпырасы босап қалды. Толықсып, жайқалып тұр. Бөртпе-бөртпе бетегелерге бойжетіп, жер бетін шоқ-шоқ үкі қаптағандай, тобылғы, қарағандары тікенектеп, кішкене көк жапырақтары шатырдай, сасырлары бас жарып, жасыл жібек шашақтай көрінеді. Алуан түсті қызғалдақтар жер бетін көркейте түсе, тұс-тұстаң сағым ойнап, құлпырта түседі. (Ғ. Мұстафин).

8-жұмыс

һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз қорқақ мақтанғыш келеді, әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан, арсыз келеді: әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.
Монон бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге егін, сауда, өнер, ғылым секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. (Абай).

Лабораториялық жұмыстар

Жұмыста аналитикалық тәсілмен жасалған сөзді тауып, оның сыңарларын ажыратып, әр сыңарған сипаттама беріп, олардың басқа сөздердің жасалуына қатысын, өнімді-өнімсіздігін көрсетіңіз, ауыспалы және тірек сыңарлары қайсы екенін ажыратып, мағына ерекшеліктерін көрсетіңіз.

1-жұмыс

Қарлығаштың әкем дегені Жабай еді. Жабай мен Назыкеш қосылған. Қазір бұс екеуі ерлі-зайыпты жұмыскерлер, дүниедегі бақытты адамдардай тұрады. Бұл екі адамның тағдыры ертеректе бір белгі бергенді. Бірақ дала өмірінің тоңмойын заңы екі жалшының сүйіспеншілігінің быт-шытын шығарған. Енді бұл екеуіне әрбір жас жұбай қызыққандай еді.
Бұрын Бұланбай, Алшағырлар барда Жабай олардың жәрдемшісі ретінде жүре беретін. Қазір ол Қарағанды көміршілерінің жолбасшысы жанашыры, алға ұстары болды. Назыкеш оның бұл тіршілігіне де тізе қоса алаьын мінез көрсетіп келеді. (Ғ. Мүсірепов).

2-жұмыс

Қырық бес көлікпен өтіп бара жатыр едім, келгенінді естіп, бұрылыдм. Кенжеғара шырағым, ат-көлік аман келдің бе? – деді. Ыбырай... Кенжеғара шырағым, бүгін осы үйде кездесемін-ау деп зауыттан кеше шығып кеттім. Сүгірәлі аман ба? Наргөз балаң келіп көзайым болып жатырмысың? Қызылжар жаққа тартып барам... Амандық-саулық жағын осылай бір қопара атқарып тастап, Ыбырай ағаң мемлекет қайраткері ретінде айтарына кірісті.
- Кенжеғара шырағым, Ақбұйрат зауыты жақсы жүріп жатыр. (Ғ. Мүсірепов).

3-жұмыс

Оң жағындағы ашық блокнотта үш жол қызыл жазу бар: « түнгі он бірге – Қанабек келсін» депті...
- Кейінге үш айда 77 авария болды. Осыған шыдай береміз бе?
- Өндірісіміз, кадрлеріміз жас, тәжірибеміз әлі аз. Фабрика-завод мектебінде төрт жүзге жуық қазақ баласы оқып жүр. Қарағанды техникумы бірер жылда екі жүз техник береді... Өзгесін былай қойғанда, завод тұрбасы он екіге, шахта көпірлері он сегізге жетті.
- Сабыр етіңіз. Екеуі де іске қарай беріледі, іске қарай қайтып алынады. (Ғ. Мұстафин).

4-жұмыс

Жұманияз сөз алды. Кербез, әдемі қара-мұртты, қара торы жігіт – Жолдастар, мен турасын айтам, - деді Жұманияз. Ленини бастаған «сенбілік» бар. Нұра, «Майқұдық» қанауларын жұмысшылар «сембілікпен» жасап береді.
Козлов тұрды орнынан. Аласа бойлы, бурыл шашты қарт. Тісінің бірсыпырасы түскен.
Мехцехта жиырма бес қазақ жұмысшысы істейді. Соның он екісі ескі, он үші жаңа. Әуелде бірде – біреуі егеуді дұрыс ұстай білмейтін. Аз уақыттың ішінде мынау отырған Жансебіл, Шайкен, Жолтайлар механизм тілін түсініп алды. (Ғ. Мұстафин).

5-жұмыс

Сіздің екі өндірісте қазір бір мың жиырма бір жұмыскер бар екен. Өзгесі қайда? Өлгені өлген. Өлмегені ақсақ – толсақ, шолақ – шойнақ, көксау болып, еліне қайтып кетген. Оларға кім қызын береді? Ара – тұра үйленгендері жоқ емес. Бірақ солардан туған балалар әлдеқайдан әкеліп тастай кеткен жетімектер сияқты. Көбі өгізге мініп, қой бағып жүр. Оның үстіне, осының бәрін есептегенде де, төрт мың екі жүз алпыс жұмыскердің мыңнан артығы қайдан келіп, қайда кеткені табылар емес...
Кенжеғара қоштасып кете беруге ыңғайланғанда, кіріп келе жатқан Бұланбай, Сүгірәлі, Алшағыр үшеуін көрді. (Ғ. Мүсірепов).

6-жұмыс

Көрген төстіктей, орта бойлы , толықша қара сұр жігіт енді. Қалжындаса, қағыса сөйлеп Шербаков, поселкелік кеңес председателі Кәрібай, профсоюз комитетінің председателі Жұманияз, механиктар Козловтар енді. Бәрі де партия ұясының бюросына келді. Партия, профсоюз, совет, комсомол ұйымдары құрылғаннан кейінгі бюроның бұл – маңызды мәжілісі. Қаралатын мәселе белгілі - өндіріс жайында әрқайсысы ойлана, толғана келіп отыр. Ермекбай мен Жанабілден басқалары талай бюроны көрген, жаңа секретарьдың аяқ алысын байқағалы отыр. Мейрам күн тәртібін ресми түрде жариялап, Шербаковқа сөз берді. (Ғ. Мұстафин).

7-жұмыс

Ауылдық кеңеске күн сайын өкіл келіп, жұртты жинайды да жатады. Бұзаубақ, бастапқы кезде, жиылысқа шақырғандарға:
- Мен несіне барайын, - деп бойына жуытпай жүрді...
Колхоз хабарын бастап есіттерген адам үркерлік түрде айтқан жоқ еді. Ол жолғы жиылыста Бұзаубақ мәжіліс ағасы болып сайланып өкілмен тізе тіркестіріп бірге отырып еді...
Былтыр Шекер ізденіп жүріп балалар бақшасын ашқызды. Жұрт селт етіп, жұмыстарын тоқтата қойды. (Б. Майлин).

Powered by Drupal - Design by artinet