ЕТІСТІКТІҢ СӨЗЖАСАМЫ

Мақсат: Етістіктің сөзжасам құрылымынан, ішкі мағынасынан, жасалу жолдарынан мағлұмат алу және сөзжасамның талдау әдістерін жан-жақты, терең меңгеру.
Дәйектеме: Қазіргі қазақ тілінде қай сөз табын алмайық, сөзжасамның ең өнімді тәсілі – синтетикалық (морфологиялық) тәсіл. Ал етістік сөзжасамына келетің болсақ, синтетикалық (морфологиялық), аналитикалық (синтаксистік) тәсілдердің екеуі де өнімді жұмсалады. Сөзжасамға қатысатын морфемалар, олардың қызметі, туынды, күрделі етістіктер, аналитикалық форматтар, тірек компонент т. с., олардың білдіретін мағыналарын, сөзжасам тәсілдерін бір-бірінен ажыратып талдау – күрделі мәселердің бірі. Оның үстіне қазақ тіл білімінде бұл сияқты күрделі мәселелерді түсіндіруде әр түрлі пікірлер де жоқ емес. Сонымен қатар олар қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің сөзжасамы ғана емес, жалпы сөз таптары бойынша сөзжасам табиғатын игеруге мүмкіндік алады.

Әдебиет:
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. 1974. 237-248, 293-295-б.
2. Қазақ тілінің грамматикасы: 1967. 138-140, 162-165, 168-б.
3. Қазіргі қазақ тілі. 1954. 281, 289-291-б.
4. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік, 1966. 11, 34-45-б.
5. Хасенова А. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер. 1959. 24-27, 90-95, 104-б.
6. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жиесі. 1989. 64-89, 238-286-б.
7. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. 1986. 63-64, 84-89-б.

Үйге тапсырма
Талдаудын жоспары:
1. Етістіктерді тауып, тұлғасына ажырату, қосымшаларды тауып, олардың қызметін айқындау.
2. Етістіктің қандай тәсілдермен (синтетикалық, аналитикалық) жасалғанын ажырату, оларға қай сөз таптары қатысты екенін айқындау.
3. Етістіктін жасалуына қатысты (сөзжасамға) жұрнақтарды түрлендіретін жұрнақтардан ажырату.
4. Сөздегі лексикалық тұлға мен грамматикалық тұлғаның арасындағы морфологиялық құбылысты табу, талдау.
5. Етістіктін етіс жұрнақтарын тану, естістіктін түрлеріне ажырату, түбір мағынадағы айырманы таңу.

Powered by Drupal - Design by artinet