Биология Казахский

Ядро – цитоплазма сияқты эукариодты клетканың негізгі органелласы. Белгілі пішінге ие болған ядро көк жасыл балдырлар мен бактерияларда ғана жоқ, оларда ядро заты – нуклеопротеидтер клетка ішінде шашырап орналасады.
Ядроның химиялық құрамының негізгі заты – күрделі белокты протеидтер.
Ядроның шырыны – мөлдір сұйықтық. Бұл ядро органеллаларының (хроматин, ядрошық) қарым-қатынасын жүзеге асыратын орта болып табылады. Ол арқылы хабар беріліп, РНК ядро саңылауларына қарай жылжиды.
Хроматин ядро шырынында ғана байқалатын хромосоманың ерекші күйі.
Ядрошық – пішіні шар тәрізді тығыз дене. Ядрода ол біреу, кейде бірнешеу болып келеді. Ядрошық мембранамен қоршалмай нуклеоплазмада бос орналасады.
Ядроның жоғарыда баяндалған құрылымдық элементерін негізінен электрондық микроскоп арқылы ғана көруге болады.
Ядро және клетканың бөліну жолдары. Клетканың бөлінуі, жаңа клеткалардың пайда болуы қазіргі кезде ғылымда толық дәлелденгенімен бірден анықтала қойған жоқ. Клетка теориясын жасаушылардың бірі.
Егер клетканың диаметрі екі есе өссе, онда көлемі сегіз, ал беті тек төрт есе ғана өседі.
Амитоз. Бөлінудің бұл жолын алғаш рет 1840 жылы Н. Железнов сиппатап жазған. Амитох кезінде аналық ядро, сол сияқты клетканың қалған органеллалары ешқандай құрылымдық өзгеріске ұшырамай, жай ғана екіге бөлінеді, нәтижесінде екі жас клетка пайда болады. Бқл клеткаларға ядро заттарының бөлінуі тең қатынаста емес, сондықтан олрадың биологиялық тендігі қамтамасыз етілмейді. Амитоз жоғары сатыдағы өсімдіктерде сирек кездеседі. Төменгі сатыдағы өсімдіктер балдырларға, саңырауқұлақтарға және физиологиялық белсенділігі төмен клеткаларға жатады. Сол сияқты амитоз «кәрі» және ауру ұлпалардың клеткаларына тән деген жорамал да бар.
Митоз. Ядро клетканың зат алмасуын басқаратын орталығы ғана емес, сонымен қатар ДНК молекулаларында оның тұқым қуалаушылық қасиетін қалыптастыратын әрі сақтайтын да орын болып табылады. Сондықтан да ол басқа органеллалардың бірінен жасалмайды және тікелей цитоплазмада пайда болмайды. Жаңа ядролардың пайда болуы әрдайым бұрыннан бар ядроның бөлінуіне байланысты.
Митоздың негізгі биологиялық мәні: пайда болатын екі жас клеткаға тұқым қуалау хабарының (информациясының) теңдей бөлінуі және тұқым қуалаудың құрылымдық бірлігі, хромасомалар санының, пішінінің, мөлшерінің аналық клеткамен бірдей болуы. Әдетте митозды шартты түрде: профаза, метафаза, анафаза және телофаза деп бөледі.
Диффузды хроматинның жинақты пішінге ауысуы, ядроның генетикалық материалының жас ядроларға бөлініп кетуін жеңілдетеді. Жарық микроскопымен қараған кезде хромасомалар әдетте ұзындығы әр түрлі жіпшелер тәрізді болып көрінеді, өйткені метафазалық тақтадағы жеке хромасомалардың пішіні мөлшері тиісті өсімдік түріне сәйкес әр түрлі болып келеді.
Ахроматин жіпшелері хромасоманың орталық өлшеміне бекінеді. Орталық өлшем оның иілген жеріне орналасып, хромасоманың екі «иығын» қосып тұратын жерін атайды. Метафазада әрбір хромасоманың хромотидтері бір-бірінен ажыраса бастайды, олардың арасындағы байланыс тек орталық өлшемдер тұсында ғана сақталады. Полюстерден тартылған жіптер метафаза тақтасы арқылы өтеді. Олардың біразы хромасоманың орталық өлшеміне бекиді. Жіпшелердің жиынтығы ұршыққа ұқсас түзу пішін құрайды, сондықтан да митоздық ұршық деп аталады. Элекьрондық микроскоптан олардың ұршық жіпшелері параллель орналасқан микротүтікшелердің топтары екендігі айқындалады. Митоздық ұршық – хромасомаларды митоздық тақтада бағдарлауға және хромосомаларды клетканың полюстеріне бөлуге арналған аппарат.
Цитокинез. Телофазалық ядролардың арасында экватор бойындағы қалтарыстың пайда болуымен байланысты телофазада клетканың бөлінуі – цитокенез басталады. Клетка тақтасы деп аталатын бұл қалтарыстың пайда болуы ядроға жетпейтін, цитоплазмада бір-біріне параллель және перепендикуляр бағытта бөлінген көптеген талшықтардың пайда болуынан басталады.
Мейоз. Мейозды өсімдіктер клеткасынан алғаш рет неміс ғалымы Страсбурген (1889) байқаған. Балқарағай тозандарының пайда болуын зерттеу барысында мейозды сипаттап жазып, суретін салушылардың бірі. Жыныс процесі кезінде екі жыныс клеткаларының алдымен ядролары қосылып, хромосома саны екі еселенеді, өйткені хромосомалар бір-бірімен қосылмайды. Мұндай жағдайда ұрықтанған жұмыртқа клеткасында хромосома саны екі есеге артады. Жыныс процесі ұрпақтан-ұрпаққа қайталанатындықтан, хромосома саны шексіздікке дейін екі еселене беруі мүмкін. Бірақ тірі организмдерде (өсімдіктерде және жануарларда) мұны реттеп отыратын ерекше механизмді мейоз (грекше мейозис – азаю, жойылу) деп атайды. Мұнда ядроның редукциялық бөлінуі хромосома саны қайтадан гаплоидтыға дейін (грекше «гаплос» - жалғыз-жарым) кемиді. Мейоз ядролардың екі рет бөлінуінен тұрады.
Полиплоидия. Кейбір жағдайда жыныс клеткалары пайда боларда олрадың хромосома сандары редукцияланбай, диплоидты қалпында қалады. Мұның нәтижесінде өсімдік ұрықтанғаннан кейін пайда болған барлық клеткаларда хромосома саны үш есе (егер редукция серіктерінің біреуінде ғана болса) немесе төрт есе өседі.

Powered by Drupal - Design by artinet