Жоғары оқу орындары – марғау, талапкер – жалқау

Бүгінде отандық орта білім беру жүйесінен бастап, жоғары оқу орындарына дейін жіті қадағалау қажеттігін сезінген атқамінерлер білім саласына «түрлі-түсті» тексерулер, реформалар, бағдарламалар енгізіп әлек. Олардың ойынша, бұл үрдіс болашақта қазақ баласының білім деңгейін халықаралық деңгейге көтермек.

Осы мақсатты ұстанған Білім және ғылым министрлігі біраздан бері Қазақстандағы жоғары оқу орындарының рейтингін көпшілікке жария етуде. Министрлікке қарасты Ұлттық аккредиттеу орталығы мамандарының мәліметтеріне сүйенсек, ЖОО рейтингтік сапасын анықтауда мынадай жайттар ескерілуі тиіс:

а) ЖОО-ның академиялық ресурстары: профессор-оқытушылар құрамының сапалық құрамы; жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеушілік пәрменділігі;

ә) Оқу үдерісінің қаржыландырылуы мен оған кететін шығындар көлемі; талапкерлерді қабылдаудағы іріктеу барысы мен студенттердің оқу үлгерімдері; жоғары оқу орнының әлеуметтік-мәдени негіздері; халықаралық ынтымақтастықтың деңгейі;

б) Жоғары оқу орнында оқитын студенттердің, білім беретін оқытушылардың ішкі бағалаулары;

в) Қоғам мүшелерінің, жұмыс берушілердің, орталық және аймақтық атқару органдарының, ірі, орта, шағын компания өкілдерінің жоғары оқу орнының сапасын бағалаулары.

Міне, осы төрт бағытты ұстанып, отандық ЖОО-ға тексеру жүргізген министрлік мамандары республикада 160 ЖОО бар екенін, өкініштісі, олардың 60-ы ғана аталмыш талапқа сай қызмет ететінін анықтаған болатын. Ал өткен аптада Тәуелсіз аккредиттеу орталығының мамандары ЖОО-ның рейтингтік көрсеткішіне тағы бір мәрте шолу жасады. Тәуелсіз сарапшылардың анықтауынша, Қазақстандағы білім сапасын әлемдік деңгеймен теңестіруге әлі ерте. Себебі елдегі ЖОО білім деңгейі әлі де төмен.

Бұл ретте ЖОО қауымдастығының президенті Рахман АЛШАНОВ:
– Жалпы, тәуелсіз аккредиттеу орталығының рейтингтерді анықтау жұмысына 68 ЖОО қатысқан. Олардың 30 пайызы – жекеменшік ЖОО. Әртүрлі сауалнамалар жүргізу арқылы рейтингтік жүйені алғашқы ондық, екінші ондық, үшінші ондық деп бөліп отырдық. Кеңестік дәуірден келе жатқан оқу орындары бар, жаңадан қосылғандары бар, біраз оқу орындары алғашқы ондықтан көріне білді. Әйтсе де, қазақстандық ЖОО білім сапасын халықаралық дәрежемен иықтастыруға әлі ерте. Мәселен, біздің кейбір ЖОО электронды оқыту жүйесі жоқ. Оқу орындарының өзіндік интернет сайттары да құрылмаған. Бұл мәселеге отандық оқу орындары аса мән беріп отырған жоқ. Ал шетелдік ЖОО бұл жайтқа үлкен жауапкершілікпен қарайды. Қазақстан осы уақытқа дейін халықаралық рейтингтер көрсеткішіне қатысып көрген жоқ. Біз отандық білім сапасын бәсекеге қабілетті етеміз десек, Еуропалық, Азиялық білім рейтингтерін анықтайтын додаларға қатысуға талпынуымыз керек. Халықаралық механизмдерді меңгеруге ұмтылғанымыз жөн. Сонда ғана Қазақстанның білім сапасы артады, – дейді.

Ал біз, мамандар айтқандай, халықаралық білім сапасымен теңесуге ұмтылып жүрміз бе? Қазақтың «миын» әлемдік деңгеймен теңестіруді көздеген механизмдерді толыққанды меңгере алып отырмыз ба?
Бұл ретте «EDTECH» халықаралық білім беру орталығының бас директоры Ғани БЕЙСЕМБАЕВ:
– Түркияда жыл сайын шамамен 1 миллион бала мектеп бітіретін көрінеді. Оларға жоғары оқу орнына түсуге бір-ақ рет емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі. Бала ол сынақтан өтсе өтті, өтпесе қайтып университетте немесе институтта оқимын деп үміттенбейді. Салыстырмалы түрде айтсақ, Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 150 мың бала білім ордасын бітіріп шығады. Жыл сайын Үкіметтен 33 мың грант бөлінеді. Республика бойынша осы грантқа күресу үшін бар-жоғы 70 мың бала ғана үміт артады екен. Қалғаны маңдай терін төгіп, дайындалғысы да келмей, бірден ақылы оқу орнына беттейді. Біздің Үкімет балаға оқу үшін жағдай жасайды. Сол мүмкіндікті баланың өзі дұрыс пайдалана алмауда. Егер Түркиядағыдай жағдай орын алса, не болар едік? Біз грант бөліп, ақылы оқу орындарын ашып, даярлық бөлімдерін көбейтіп жатамыз, ал талапкерлер жалқаулыққа салынып, білімдерін тереңдеткісі келмей, бірден ақылы оқуға бет алады, – деп пікір білдірген болатын.

ТАҚЫРЫПҚА ТҮЙІН: Рас, биыл талапкерлерге жағдай жасағысы келген Білім және ғылым министрлігі ЖОО-ға түсетін балдық жүйені 45 баллға дейін төмендетті. Әйтсе де кейбір мамандар «бұл 45 балдық жүйе талапкерлердің білім деңгейін көтермейді» деген пікірлер айтуда. Себебі осыдан бір жыл бұрын талапкер «60 ұпай алуым керек» деп жанталасса, қазір 45 балды місе тұтып, ЖОО-ға түсіп жатқандар легі көбейді. Жалпы, БҰҰ-ның есебі бойынша Қазақстандағы атағы дардай білім ордаларының оқу жүйесін халықаралық стандартқа сай ету үшін кем дегенде бес-алты жыл қажет көрінеді. Кім білсін?! Оны да уақыт көрсетер. Тек отандық білім жүйесінің бабы келісетін сәт туса болды да.

2007 жылғы 14 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Даниал Ахметов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бірқатар жоғары әскери оқу орындарына барды.

Бүгінгі күні әскери білім беру жүйесі қазіргі заманғы талаптарға және әлемдік оқыту стандарттарына сәйкес келмейтінін Д.Ахметов атап өтті.

Ол әскери білім беру жүйесіндегі бірқатар мәселелерді атап көрсетті.
Біріншіден, оқытушылар лауазымдарының үштен бір бөлігі бос болып отыр.
Екіншіден, кемінде жартысында ғана базалық әскери білімі бар.
Үшіншіден, жартысынан көбінде педагогикалық тәжірибесі жеткіліксіз және кемінде 5 жыл педагогикалық өтілі бар.

Оқытушы құрам іс жүзінде жүйелі біліктілікті арттырудан өтпеген; сонымен, оқытушылар санының 2005 жылы курстық даярлықтан тек 6 %–ы, 2006 жылы 17 %–ы өткен.
Оқу–материалдық базаның жай–күйі оқу үрдісін өткізудің сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді: сыныптық–зертханалық базаның 58 %–ы оқу үрдісін қамтамасыз ету үшін жарамды, алайда жаңартуды талап етеді, 28 %–ы – техникалық және моральдық тұрғыдан ескірген, 10 %–ы – есептен шығаруға жатады, 4 %–ы – пайдалануға берілген, қолданыстағы далалық оқу–материалдық базаның 14 %–ы жаңғыртуды талап етеді, 28 %–ы – ескірген, 58 %–ы – есептен шығаруға жатады.

Бұл сандар оған дәлел болып отыр және нәтижесі біреу – әскери білім беру жүйесі сапалы да түбегейлі жаңартуды талап етеді.

Осыған байланысты ҚР Қорғаныс министрі орта мерзімді кезеңге әскери кадрларды даярлау жүйесін өзгертудің мынадай бағыттарын айқындап берді:

1. «Білім туралы» жаңа заңға сәйкес: біріншіден, барлық қызмет кезеңінде әскери қызметшілерді көпдеңгейлі және үздіксіз оқыту үрдісін; екіншіден, Қарулы Күштер үшін қажетті көлемде және мамандықтар бойынша даярлауды құруды көздейтін әскери білім беруді қайта ұйымдастыру.

2. Олар үшін мамандар даярланатын әскер түрлерінің, тектерінің, департаменттер мен бас басқармалардың тікелей қатысуымен әзірленген жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалар негізінде әскери оқу орындарындағы оқу сапасын арттыру.

3. Жоғары оқу орындары білім беру қызметінің тиімді аудитін құру.

4. Жоғары оқу орындарының оқу–материалдық базасын қазіргі заманғы тренажер жабдықтарымен жаңарту, интерактивтік оқыту технологиясын енгізу.

5. Әскери оқу орындарын армиялық және педагогикалық тәжірибесі бар және басқаларға өз білімін беруге сөзссіз қабілетті оқытушылар құрамымен жасақтау.

6. Оқытушылар қызметіне жоғары білікті отандық және шетелдік мамандарды тарту.

7. Студенттер қатарынан елдің және шетелде алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында офицерлерді көлемі тар мамандықтар бойынша, соның ішінде «Болашақ» Халықаралық степендиясы бойынша даярлау, сондай–ақ қысқартылған бағдарламалар бойынша әскери кафедраларда кадр офицерлерін даярлау.

8. Офицерлер мен сержанттар құрамы лауазымы санаттарының барлық спекторын қамтитын курстық даярлықтың көпдеңгейлі жүйесін енгізу.

Сонымен, трансформациялау жолы бойынша бастапқы қозғалыс әскери білім берудің жаңа тиімді моделін құруға мүмкіндік береді. Әскери жоғары оқу орындары қазіргі заманғы тренажер жабдықтарымен жабдықталатын және әлемдік стандарттарға сәйкес келетін технологиялық қамтамасыз етуді қолдана отырып, олардың оқу бағдарламалары түбегейлі жаңартылатын болады. Сонымен, мысалы, ЖОО–ның үйлесімді бюджеті осы жылға 44,2 млн. теңгені құраса, онда 2008 жылға 4,8 млрд. теңге көзделіп отыр, яғни 110 есе жоғары.

Әскери қызметтің барлық кезеңінде әскери қыметшілерді білім беру үрдісіне тартуды көздейтін білім сапасын бағалау мен бақылаудың нәтижелік жүйесі пайда болады.
Қазақстанның Қарулы Күштерін дамыту перспективасымен барабар әскери кадрларды даярлаудың құрылатын жүйесі барлық әскери қызметшілерге тікелей қатысты бар, ол оқу орындарындағы кәсіби білім беруді және әскери қызметті өткерудің барлық кезеңінде біліктілігін арттыру курсын қамтиды.

Бүгінгі күні ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен кадрлық өзгерістер болды және ҚР ҚМ әскери жоғары оқу орындарының жаңа басшылары таныстырылды:

1. Құрлық әскерлері Әскери институтының бастығы болып генерал–майор Әлихан Жарболов;

2. Радиоэлектроника және байланыс әскери институтының бастығы болып генерал–майор Еділ Оразов;

3. Шетел тілдері әскери институтының бастығы болып генерал–майор Бахтияр Сыздықов тағайындалды.

Powered by Drupal - Design by artinet