Нарықтық экономика құрудың стратегиялық

Нарықтық экономика құрудың стратегиялық мiндеттерi мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiн демократиялық құрылысын талап етедi, өйткенi демократиялық тетiктерсiз жəне басқару органдарының жұмысын бақылаусыз əдiлеттi нарықтық бəсекелестiк жағдай туғызу мүмкiн емес. Екiншi жағынан, нарықтық экономика шешiм қабылдау жүйесiнде шектен тыс орталықтандыруға көнбейдi жəне экономикалық, əлеуметтiк өмiрдiң субъектiлерiмен тiкелей жанасатын жергiлiктi органдарға белгiлi бiр билiк пен қаржы өкiлеттiгiн бекiтiп берудi талап етедi. Сонымен бiрге орталықсыздандыру процесi орталық мемлекеттiк органдардың рөлiн төмендеудi бiлдiрмейдi, олар мемлекет қызметiнiң негiзгi салалары үшiн жауапты болып қала бередi жəне жергiлiктi билiк органдарының қызметiн заңнамалық актiлер мен бюджетаралық трансферттер жүйесi арқылы реттейдi.
Қазақстандағы орталықсыздандырудың негiзгi мiндеттерi:
- билiктiң əр түрлi деңгейлерiнiң арасындағы қызмет, функциялар жəне жауапкершiлiк салаларын
айқын шектеу;
- жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың пəрмендi жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау;
- демократиялық мемлекеттiң iргетасы ретiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды енгiзу.
Құзырында орталықсыздандыру жоспарын əзірлеу жəне оның орындалуын бақылау, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру мəселелерi бойынша мемлекеттiк басқару органдарының қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру болатын уəкiлеттi органды белгiлеу.
Функциялар мен өкiлеттiктердi беру процесiнiң кезеңдерi мен бағыттарын, мемлекеттiк басқарудың əрбiр деңгейiнiң рөлi мен мiндеттерiн жəне олардың өзара iс-қимыл жүйесiн, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жəне мемлекеттiк емес ұйымдарға беруге жататын функцияларды айқындайтын орталықсыздандыру жөнiндегi iс-қимылдың мемлекеттiк жоспарын əзiрлеу. Мемлекеттiк басқарудың əрбiр деңгейiнiң орындайтын функцияларына қойылатын талаптарды егжей-тегжейлi əзiрлеу. Өкiлеттiктердi беру жоспары, iске асыру барысында ашылатын мүмкіндiктердi пайдалану үшiн стратегиялық сипатқа ие болуға тиiс. Бұл жоспар орталық пен аймақтардың арасындағы қатынастардың серпiндi дамуын ескере отырып əзiрленуге тиiс.
Басқару органдарының функциясы айқын белгiленуге жəне ажыратылуға тиiс. Халықаралық тəжiрибенi жəне Қазақстанда қалыптасқан жағдайды ескере отырып, негiзгi функцияларды тиiсiнше бекiту белгiленуi мүмкiн.
Оларды билiк деңгейлерiнiң арасында бөлудi заң жүзiнде бекемдеп, аталған функцияларды нақтылау мен кеңейту үшiн барлық деңгейдегi билiк өкiлдерiнiң қатысуымен мұқият функционалдық талдау жүргiзу қажет. Мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейiндегi жергiлiктi органдарға бюджет пен меншiктiң айқын белгiленген өкiлеттiктерi берiлуге тиiс, өздерiне мемлекет берген функцияны атқаруға тиiс. Жергiлiктi органдардың өз бюджеттерiне қатысты нақты өкiлеттiктерiн қамтамасыз ету, яғни басқарудың əрбiр деңгейi үшiн кiрiстiң меншiктi көздерiн, оларды жұмсаудың бағыттарын дербес белгiлеу құқығын бекiту қажет. Жергiлiктi мəслихаттар жергiлiктi бюджеттi бекiтуге жəне оның атқарылуын нақты бақылауға тиiс (қараңыз. VIII бөлiм. Салық-бюджет саясаты).
Сондай-ақ, жергiлiктi басқару органдары қызметкерлерiнiң даярлығы мен бiлiктiлiгiн арттыру курстарын ұйымдастыру қажет.

Powered by Drupal - Design by artinet